«Петропавл орта мектебі» КММ ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында 2018-2019 жаңа оқу жылында 91 оқушыға көмек көрсетілді. Акция аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасынаң қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсетілді.
Іс-шара Желтау селолық округінің маманы Урынбаев Ақайдар Меңдібайұлының және ата-аналардың, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шараға қатысқан ата-аналар Желтау селолық округіне және мектеп әкімшілігіне көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді.