Жайдарлы жаз 2018
Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың бастамасымен құрылған «Бақытты бала» жобасы аясында және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында Қарғалы аудандық білім бөлімі ұйымдастырған шатырлы лагерде Петропавл орта мектебі оқушылары маусым бойынша демалды. Шатырлы легерлерде оқушылардың демалуына барлық жағдай жасалып, күнделікті дайындалған ерекше бағдарламалар, тауға серуендеу, өзенге шомылу, балық аулау, таза ауада серуендеу оқушыларға жақсы көңіл - күй сыйлады.