25.12.22 күні Ақтөбе қаласында облыстың әр түкпірінен келген балаларға арналған "Қош келдің, Жаңа Жыл- жаңа белес, жаңа арман!" атты ҚР Президентінің жаңажылдық шыршасы өткізілді.
25.12.22 күні Ақтөбе қаласында облыстың әр түкпірінен келген балаларға арналған "Қош келдің, Жаңа Жыл- жаңа белес, жаңа арман!" атты ҚР Президентінің жаңажылдық шыршасы өткізілді. Мерекелік шараға облыс әкімі Ералы Ұлықпанұлы Тоғжановпен бірге барлық аудандар мен Ақтөбе қаласынан 9 бен 13 жастың аралығындағы 200 бала қатысты. Қатысушылар арасында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларының балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балалар бар.
Өңір басшысы шырша жанына жиналған балаларды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтап, биылғы жылдың айырықша жыл болғанын атап өтіп, балаларға арналған жобаларды әрқашан қолдайтынын, олардың болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді.
Мектебімізден шыршаға 3"Б" класс оқушысы Жаксыгалиев Тамирлан, 4"Б" класс оқушысы Овчаренко Виолетта және 5"А" класс оқушысы Курманалиев Абдуалим қатысты. Оқушыларға бағалы сыйлықтар және 100 мың теңгеге сертификаттар тапсырылды.
https://tylekpetropavlovka.edu-gov.kz/kz/novosti-3/671-mektepke-alyp-kiruge-tyjym-salyn-an-zattardy-tekseru-zh-mystary-6.html?template=gkpeye#sigFreeIdecae89b9ab