Жаңалыктар
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы
«Петропавл орта мектебі» КММ ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында 2018-2019 жаңа оқу жылында 91 оқушыға көмек көрсетілді. Акция аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасынаң қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсетілді.
Іс-шара Желтау селолық округінің маманы Урынбаев Ақайдар Меңдібайұлының және ата-аналардың, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шараға қатысқан ата-аналар Желтау селолық округіне және мектеп әкімшілігіне көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді.
Жайдарлы жаз 2018
Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың бастамасымен құрылған «Бақытты бала» жобасы аясында және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында Қарғалы аудандық білім бөлімі ұйымдастырған шатырлы лагерде Петропавл орта мектебі оқушылары маусым бойынша демалды. Шатырлы легерлерде оқушылардың демалуына барлық жағдай жасалып, күнделікті дайындалған ерекше бағдарламалар, тауға серуендеу, өзенге шомылу, балық аулау, таза ауада серуендеу оқушыларға жақсы көңіл - күй сыйлады.
Астана және Түркістан қалаларына топсаяхаттар
«Бақытты бала» жобасы аясында оқушыларды тарихи – мәдени ескерткіштермен және қаламен таныстыру мақсатында Петропавл орта мектебі оқушылары шілде айында Астана және Түркістан қалаларына 7 күндік топсаяхатқа жіберілді. Саяхат барысында Түркістан қаласына барған оқушылар Арыстан баб кесенесі, Отырар қаласындағы Батыс қақбасын, Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін араласа Астана қаласына сапар шеккендер «Нұр Әлем» ғимараты, «Бәйтерек» монументі, «Тұңғыш Елбасы» мұражайларын аралап, өз әсерлерімен бөлісті.
25.05.2018ж. Петропавл орта мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиын өткізілді
«Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбында жалпыұлттық ата – аналар жиналысы
2018 жылы 15 мамыр күні Петропавл орта мектебінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбында жалпыұлттық ата – аналар жиналысы өткізілді.
Тыл ардагерлері
Петропавл орта мектебінің оқушылары Тыл ардагерлерін Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтау кезі
«Ер мен елдің Жеңісі»
«Петропавл орта мектебі» КММ «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында 5- 11 класс оқушыларының аралығында «Ер мен елдің Жеңісі» патриоттық әндер фестивалі, Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың рухына бас ие отырып, қазақстандықтардың ерліктерін мақтан ету арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді.